«Риза болып қалдым»: Мақпал Жүнісова көрерменге гауһар сақинасын сыйлап жіберді

Фото: instagram.com/zhunussova.makpal

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова концерт кезінде өзіне сыйлық жасаған кішкентай көрерменнің қолын бос қайтармады. Күтпеген тосынсый жасаған оқырманына сыймен жауап берген әнші көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұл туралы Taspanews.kz Мақпал Жүнісованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Видеодан кішкентай көрерменнің әншіге тұмарша сыйлағанын көруге болады. Ал халық әртісі еш ойланбастан жанкүйеріне қолындағы гауһар сақинасын шешіп берген.


«Маған сахнада күтпеген жерден періште қыз тұмарша сыйға тартты, риза болғаным соншалық анаң тағып жүрсін деп бриллиант сақинамды шын жүректен саусағымнан шешіп бердім, аман болайық», – деп жазды ол.


Желі қолданушылары әншінің мәрттігі мен жомарттығы туралы жарыса жазды.


«Не деген жомарттық», «Керемет, жүрегіңізден айналдым», «Көрдік, риза болдық, бриллианттар ғана бриллиант шашып жүреді», «Мың жасаңыз, Мақпал әпке», – деп жазды желі қолданушылары.  


Пост из социальной сети