Өрт сөндірушілер Алтай қаласындағы өртті сөндірді

 фото на taspanews.kz от 10 июня 2024 09:57
Фото: Шығыс Қазақстан облысы ТЖД

Алтайда өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Taspanews.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Алтай қаласындағы Рабочая көшесінде жеке тұрғын үйдің шатыры, сонымен қатар шаруашылық құрылыстары өртке оранды. Өрт сөндірушілер жалпы 124 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.


ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салады. Мүмкін болатын өрттердің алдын алуға және бұзушылықтарды дер кезінде жоюға шақырылады.


Следите за новостями Taspanews