«Сақинаны ломбардтан сатып алған едім»: Абай Асылхан келіншегіне тағы да сөз салды

Фото: instagram.com/janellemakajan

  Танымал актер Абай Асылхан келіншегі Жанель Мақажанға қымбат сақина сыйлап, тағы да үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Taspanews.kz Абай Асылханның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Актердің сөзінше, ол осыдан 3 жыл бұрын үйленуге сөз салатын кезде сақинаны ломбардтан сатып алған.


«Құрметті достар! Бүгін біздің отау құрғанымызға 3 жыл толды. Жаным, мен сені құттықтаймын. Сен менің аманатымсың. Осыдан 3 жыл бұрын саған сөз салған кезде мен негізі сақинаны ломбардтан сатып алған едім. Өйткені ақшам болған жоқ, шынымды айтайын. Мен ол кезде жұмыссыз болдым. Енді қолыңа нағыз жарасатын сақина сыйлайтын уақыт келді деп ойлаймын, өзің армандаған брендтен жүзік. Маған тағы да тұрмысқа шығасың ба», – деді Абай Асылхан.  


Пост из социальной сети