Саны 200-ден аз болғанымен бұл – жоғары көрсеткіш: елімізде қар барысын құтқару қалай жүзеге асуда

Фото: goodfon.ru

Бұл жыртқыш тау экожүйесінде қаншалықты маңызды


Қар барыстары қызыл кітапқа енгендігі белгілі. Өкінішке орай, жыртқыштар жойылуға шақ. ҚР ҒЖБМ зоология институтының өкілі, қар барысын бақылау орталығының жетекшісі, "Snow Leopard Foundation" ҚМФ атқарушы директоры Алексей Грачев Taspanews.kz тілшіcіне Қазақстанда қар барысын қалай құтқаралуда, олардың санының азаюы, жыртқышты ел аумағында байқап қалу қиындығы және бұл жануардың экожүйедегі маңызы туралы айтты.


"Қар барысы – осы уақытқа дейін сақталып келген Panthera ірі мысықтарының елдегі жалғыз өкілі. Қазақстанда адамдардың табиғи ортаны шаруашылық мақсатта жаппай игеруінен жануарлардың көптеген түрлері тұрақты түрде азая бастады. Көптеген зоологтар алдын-ала дабыл қаққанымен, кейбір түрлер жойылып үлгерді", – деді Грачев.

Өз сөзінде ол 1978 жылы Қазақстанның алғашқы Қызыл кітабы шыққан кезде ел аумағында гепардтар мен жолбарыстар толықтай жоғалып кеткенін айтты.


"Қар барыстары мекендейтін жерлері адам үшін қолжеткімсіз және жарамсыз болғандықтан ғана сақталуда, дегенмен түр азаюда. 1980 жыл басында Қазақстанда ол 180-200-ге дейін азайды, ал 1990 жыл басында саны 100-ге дейін жетті. Соңғы 30 жылда қабылданған жаңа қорғауда болғанн табиғи аумақтарды (қорықтар мен ұлттық саябақтар) құру сияқты шараларының арқасында ғана қар барысының саны біртіндеп қалпына келе бастады", – деп атап өтті маман.

Ол қазіргі уақытта қабылданған шаралардың арқасында Қазақстандағы қар барысының жалпы санын ғалымдар 150-180-ге жетті деп бағалайтынын атап өтті.


Сарапшының мәліметіне сай, қазіргі уақытта ұлттық парктер мен қорықтардың аумағында елдегі қар барыстарының 70%-ға жуығы мекендейді. Осылайша, Іле-Алатау ұлттық паркі жақсы қорғалғанның арқасында қар барыстары Алматы қаласының әкімшілік шекаралары бойында кездесуде.


" Медео табиғи паркіндегі Кіші Алматы шатқалында оларды негізгі мекендеу аумағынан дала кезген ығыстырған. Сондықтан, урбанизация процесі енді қар барысы тіршілігіне енді әсер етпейді деп үміттенеміз”,  - деді маман.

Қар барыстарын құтқару қалай жүзеге асуда


Грачев Қазақстанда қар барысы санын сақтау және көбейту бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама жоқ екенін айтты. Алайда, ақбөкен, қарақұйрық, арқар, тоғай бұғысы және құлан сияқты басқа сирек кездесетін түрлер бойынша шамамен 20 жыл бойы үздіксіз мемлекеттік бағдарлама жүзеге асуда. Арнайы мемлекеттік бағдарлама бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары, негізгі бөлігі халықаралық қаржыландыру есебінен болған, оңтүстік Балқаш өңірінде жолбарыс санын қалпына келтіру жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда, онда жақында жолбарыстар тұқымдасының негізін қалаушылар енгізілді.


"Түрдің сақталуына байланысты негізгі ғылыми жұмысты ҚР БҒМ ҒК “Зоология институты” РМК Ғылым және жоғары білім министрлігі есебінен қаржыландырылатын ғылыми бағдарламалар мен жобалар шеңберінде жүргізеді. Зоология институтында арнайы құрылымдық бөлімше – Қар барысын бақылау орталығы жұмыс істейді, ол ғылыми зерттеулер негізінде түрді сақтау бойынша шаралар әзірлейді",   – деп нақтылады ғалым.

Ел қар барысын құтқаруда қызмет атқаруда.


"Мысалы, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) үлкен қолдау көрсетеді. БҰҰДБ ҚР Үкіметімен бірлесіп, қар барысын сақтау үшін ЕҚТА желісін кеңейту және жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс істеуде. қорықтар мен ұлттық парктерді қар барысын бақылауға арналған фототұзақты қоса алғанда, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, ЕҚТА әлеуетін күшейтуде. Сондай-ақ БҰҰДБ елімізде түрді зерттеу үшін жаңа технологияларды енгізумен айналысады - осы бағытта спутниктік телеметрияны қолдану нәтиже берді, Қазақстанда 11 қар барысы спутниктік таратқыштар арқылы белгіленіп, тіркелді",  - деп түсіндірді маман.

Ол сондай-ақ, елде "Snow Leopard Foundation" халықаралық қоры белсенді екенін айтты. Қазіргі уақытта оның қызметі барысты сақтаудағы ең маңызды екі бағытта жүреді - бұл экология жайлы ақпараттандыру және жануардың көбеюі  жағдайын бақылау.


"Қар барысы таулы экожүйеде ешбір жыртқышқа қорек болмайды. Сонымен қатар, қар барыстарының таулы аймақта мекендеуі - ондағы экожүйенің тұрақты және үйлесімді екенін білдіреді", – деді ғалым.

Сонымен қатар, тіршілік ету ортасына сай, барыс әлі де "әлемдегі ең қолжетімсіз ірі мысық тұқымдасы" болып саналады.


"Соңғы уақытқа дейін қар барысы туралы ақпарат жеке белгілер бойынша ғана жиналған, мысалы қар мен топырақтағы табан іздері бойынша. Көптеген зерттеушілер өмірінде бұл барысты бірнеше рет ғана кездестірген, ал нағыз мамандар ешқашан кездестірмеген. Фототұзақтар мен спутниктік телеметрия сияқты қашықтықтан бақылаудың жаңа әдістерінің пайда болуының арқасында популяцияның негізгі параметрлерін, сондай - ақ осы сирек кездесетін түрдің өмір салтының кейбір аспектілерін анықтауға мүмкіндік туды", - деп атап өтті сарапшы.

Ол сондай-ақ бүгінде барыстардың қайда мекендейтінін айтты. Бұл сирек кездесетін жыртқыштың негізгі бөлігі елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс тауларында – Тянь-Шань және Жоңғар Алатауы тауларында шоғырланған. Олар сондай-ақ Қазақстанның шығысында, Алтай және Сауыр-Тарбағатай тауларында бар, алайда ол жерлерде сирек кездеседі.


"Тау ешкілері мекендейтін жерде қар барыстары да тұрады. Сонымен қатар, тау ешкісінің саны көп жерлерде қар барыстары да кеңінен таралады", - деп қорытындылады Грачев.