«Сара маған қарамайды»: Тұрар Ыдырыс Сара Амангелді туралы айтты
Фото: instagram.com/turar__ydyrys
Танымал әнші Тұрар Ыдырыс кинодағы жұбы әрі әнші Сара Амангелді туралы сөз қозғады. Өнер иесі Сара екеуінің қарым-қатынасы туралы Динара Сәтжанға берген сұқбатында айтты. Хитменнің сөзінше, олардың арасында тек достық қана бар.
«Ашығын айтсам, біз Сарамен жай ғана доспыз. Ешқандай қарым-қатынас болған жоқ. Тек қана доспыз, бірге киноға түстік. Сол кинода жұптың рөлін ойнадық қой екеуміз. Халық сенді ойынымызға. Мен үйреніп қалғанмын ондай нәрсеге. Екі адамды қосып кетеді. Бірақ қайталап айтайын, біз жай ғана доспыз. Иә, Сара ең әдемі, ең ақылды, ең талантты қыз, оған таласым жоқ. Былай айтқанда, Сара маған қарамайды», – деді ол.
Тұрар Ыдырыстың Динара Сәтжанға берген сұқбаты