Саран қаласында колледж студенттері есірткі қылмысына қатысты сот отырысын бақылады

Pexels фото на taspanews.kz от 25 декабря 2024 10:11
Фото: Pexels

Саран қаласында Абай атындағы ЖГК студенттері мен оқытушылары есірткіні сатуды мақсат етпеген, өзі қолдану мақсатында сатып алып, сақтаған адамға қатысты сот ісін бақылау үшін тартылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Есірткіні сақтап, сатып алғаны бойынша айыпталушы ҚК 296 бабы, 2 бөлігімен күнәлі етіп танылып, 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.


Студенттер мен оқытушылар осындай қылмыс түрі қандай салдарға әкелетінін көру үшін тартылды.


Следите за новостями Taspanews