Саран қаласында Samsung теледидарлары шығарылатын болады

Қарағанды облысы әкімдігі фото на taspanews.kz от 30 декабря 2024 15:19
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысы, Саран қаласында Samsung брендінің премиум серияларынан бөлек, қазіргі таңда шығып тұрған түрін өндіру жүзеге асырылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Өндіріс орталығы Silk Road Electronics кәсіпорны базасында болады. Жоба Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен іске асады. 2025 жылдың екінші тоқсанынан бастап, жұмыстар жүргізіле бастайды. Ал жылдың ортасынан кейін ел азаматтары Қазақстанда өндірілген Samsung теледидарларын сатып ала алады.


Өндірісті өңірлік ету жаңа жұмыс орындарын ашып, өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуға септігін тигізеді:


«Samsung Electronics компаниясымен бірлесіп біз қазақстандық тұтынушылар үшін қолжетімді бағамен әлемдік деңгейдегі өнімдерді ұсынамыз», – деді Silk Road Electronics зауытының директоры Александр Критский.

Следите за новостями Taspanews