Саран қаласында сатушыны қаза еткен адамның азаматтығы болмаған

depositphotos.com фото на taspanews.kz от 29 января 2025 09:03
Фото: depositphotos.com

26-қаңтарда Саран қаласындағы дүкен сатушысын қаза еткен адам сот санкциясы бойынша 2 айға қамауға алынды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Патриот телеграм арнасына сілтеме жасап.


Анықталғандай, оның әйелі бар, Қарағандыдағы белгілі бір ЖШС-да құрылысқа қатысты мамандық бойынша қызмет атқарады, алайда еш елде азаматтығы жоқ.


Еске салсақ, 22-қаңтар күні қаскүнем дүкенді тонамақ болып кіреді. Өзінің айтуы бойынша, дүкен сатушысы қарсыласқаннан кейін, оны қорқытпақ болды, қаза етуге ниеті болмады. Сол күні таңертең Қарағандыдан Саран қаласына жеткен ер адамның жүргізушіге төлейтін қаражаты болмаған. Сондықтан, ол бенйебақылау камералары жоқ екенін байқап, дүкенді тонауға кіріскен.


Следите за новостями Taspanews