Сарапшы оқушылардың тамақтануына қаржы аямаған жөн деп санайды

pixabay фото на taspanews.kz от 30 октября 2024 15:10
Фото: pixabay

Taspanews.kz тілшісімен сұхбатта сарапшы "Мектеп оқушыларының жаппай улануы тамақтануға бөлінетін бюджеттік қаражатты қайта қарауға әкелуі керек" деп санайтынын білдіріп, ойын негіздеді.


Елді дүр сілкіндірген оқушылардың улану жағдайлары өскелең ұрпақтың сапалы тамақтану мәселесін көтеруге итермеледі.


Бұрынғы мәзірді қолдана, жаңа технология енгізсек


Қоғамдық тамақтандыру жүйесінде тәртіпті қалпына келтіру цифрландыру арқылы жүзеге аса бастады. Осылайша, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының басында «Әлеуметтік әмиян» жүйесі жұмыс істей бастағанын хабарлады. Ата-аналар балаларының қалай тамақтанатынын және асханаға баратынын бақылайды. Бұл мақсатта арнайы электронды ваучерлер енгізілуде. Дегенмен, «Аспаздық» бойынша World skills бас халықаралық сарапшысы Серікхан Әділханов, ең алдымен, ас мәзірі мен қаржыландыру көлеміне қатысты мәселелерді шешу қажет деп санайды.


«Мектептегі тамақ жұмсақ, әрі сіңімді болу керек, бірнеше теңдестірілген ас мәзірі болу керек. Қазіргі таңда барлығын граммен өлшейді, алайда азық-түлікті өзара алмастыру шешімдері де қарастырылу керек. Көптеген қырлардан қарау қажет және бұл мәселелермен кәсіби мамандар айналысуы керек. Мен өзім Алматы облысы мәслихатының депутаты ретінде осы мәселелердің барлығын көтердім, комиссия мүшесімін. Асханаларды тексердік, сын айту мақсат болған жоқ, алайда балалардың тамақтануын ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгерту керек. Котлетті кешке дайындаған кезде, ашыту процесі басталып кетеді, себебі онда нан мен пияз болуы мүмкін. Қазіргі таңда әркім өзі білгенінше пісіреді, алайда бұл істі бір жүйеге келтіру керек, ол үшін комбинаттарды қайта құру қажет. Бұл жағдайда жеткізушілердің өнімдері тексерілетін еді. Комбинаттар бірнеше мектепке қызмет ете, жоғары сапалы өнімді кәсіби түрде дайындайды», – деді Серікхан Әділханов.

Қаржыландыруды көбейту керек


2024 жылы бір бастауыш сынып оқушысын тегін тамақтандыруға 580 теңге бөлінеді. Нарықтық экономика кезеңінде өмір сүргенде бұл орында ма деген сауал туады. Бұл мектеп асханаларына да қатысты. Осы сомаға түскі ас ішіп көрсеңіз ше? Бірнеше жыл бұрын Алматыда 500 теңгеге тамақтануға  болады деп айтқан билік өкілі ұзақ жылдар бойы күлкіге қалды. Айтпақшы, осы жылы тариф «өсті», себебі бұл уақытқа дейін балалар 200 теңгеге тамақтанатын.


"Ең үлкен мәселе – қаржыландыру. Бүгінде бір балаға бөлінетін сома өте аз, соның салдарынан тамақтандыру сапасы төмендеді. Ақша табу үшін балаларды тамақтандырумен айналысатын ұйымдар көп мектептерді алып алады. Кәсіпкер әр мектепті өз бақылауында ұстап, аралап, тексеріп отыруы керек. Ол оннан астам мектепке қызмет етсе, бұл еш дұрыс емес, себебі бәріне үлгермейді. Олар шикізатқа ақша үнемдеуге тырысып жатады, бұл әрине кері әсер етеді.                  
Сосын әр қалада қаржыландыру әртүрлі. Алматы облысында 430 теңнһг болса, Алматы қаласында 2 есе көп. Облыста тым болмаса 700 теңгеге дейін көбейту керек. Балаларды тамақтандырып жатқандар кімдер екенін де білу керек. Тендерді білікті мамандар жеңе ме, әлде салаға қатысы жоқ адамдар ма? Осыны түсіну керек. Алайда, тендерді өткізетіндер де кәсіби талаптарға сай келмеуі мүмкін»,  – деп қорытты сарапшы.

Следите за новостями Taspanews