Сарыағаштағы картоптың шіруі бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінде түсініктеме берді

depositphotos.com фото на taspanews.kz от 30 января 2025 22:43
Фото: depositphotos.com

10 күннен астам Түркістан облысы, Сарыағаш станциясында пойыздарға тиелген мыңдаған тонна картоптың экспорт барысында жөнелтілуі тоқтатылып, өнімнің үсіп, содан соң шіруіне қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді, – деп хабарлайды Taspanews.kz министрлік ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.


Министрлікте 2,7 мың тонна картоп партиясына фитосанитарлық сертификаттар картопты экспорттауға тыйым салынған кезге дейін алынғаны келтірілді.


Сарыағаш станциясында жүк жөнелтушілер тарапынан заң бұзушылықтар орын алғаны анықталды. Картоп құны едәуір төмендетіліп көрсетілген. 1 кг картоптың 40-50 теңгеден сатылатыны туралы құжат болған. Сол себепті, жүкті жеткізу мән-жай анықталғанға дейін тоқтатылды.


Тексеру нәтижесінде 42 вагон Өзбекстан Республикасына жөнелтілді. Картоп бұзылған жағдайда ел ішінде картопты бәсекеге қабілетті бағамен сату ұсынылды.


«Айта кетсек, барлық 10 жүк жөнелтуші мемлекеттік органдарға картоптың жағдайына байланысты ешқандай шағым түсірген жоқ»,  – Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктемесінен.

Еске салсақ, сыртқа экспортталатын картоптың құнының өсуі елдегі картоптың сатылу құнына әсер етті. Осы орайда, ҚР Үкіметі 2025 жылдың 18 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге 6 ай бойы картоп экспортын шектеді.


Следите за новостями Taspanews