Сәтбаев қаласында киікті қырып салған браконьерлер 8 жылға сотталды

P фото на taspanews.kz от 04 марта 2025 12:49
Фото: Freepik

Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық соты 44-тен астам киікті заңсыз аулаған үш браконьерге қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Сәтбаев қаласының үш тұрғыны киік аулауға алдын ала дайындалып, заңсыз аңшылық жасаған. Олардың гаражынан 44-тен астам киік өлексесі, жануарлардың бөлшектері мен дериваттары, сондай-ақ қару-жарақтар мен оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.


Тергеу барысында сотталушылар кінәларын ішінара мойындағанымен, сотта ұсынылған дәлелдер олардың кінәсін толық дәлелдеді.


Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстың ауырлығын, келтірілген материалдық шығынның өтелмеуін ескеріп, әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.


Сонымен қатар, оларға 10 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынды.Апелляциялық шағым қаралып, ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мерзімі 5 жылға дейін қысқартылды.Үкім заңды күшіне енді.


Следите за новостями Taspanews