Сауалнама: Бірыңғай сағаттық белдеу туралы қазақстандықтардың пікірі

Фото: Pixabay.com
Қазақстан тұрғындарының жартысынан басымы 2024 жыл көктемінде бекітілген бірыңғай сағат белдеуін енгізуді қолдамайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Demoscope талдау орталығы бұл мәселе бойынша қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізді.
"Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 53,1%-ы бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілуіне көңілі толмайтынын білдірді. Сонымен қатар, қазақстандықтардың шамамен 22,1%-ы уақыттың өзгеруіне оң көзқарас танытты, ал 15,5%-ы бейтараптығын білдірді. Бір қызығы, респонденттердің 7,4%-ы біртұтас уақыт белдеуін енгізу туралы мүлде естімегендерін айтқан", –
Бұл нәтижелер, әсіресе, уақыт өзгерістері айтарлықтай әсер еткен аймақтардағы қоғамдық пікірдің нәтижелері. Әсіресе, сағат тілі кері шегерілген аймақтарда азаматтардың наразылығы жоғары.
Аналитиктердің мәліметіне сай, жаңа сағат белдеуінің енгізілуі бойынша наразылық бүкіл ел бойынша кең тараған. Қазақстандықтар жаңа уақыт кестесіне бейімделу қиынға соғып жатқанын айтады, өзгерістер елдің жұмысына, оқуы мен тұрмысынва әсіресе әсер еткен.