Сайран жағасына техникалық қадағалау жүргізген компаниямен шарт бұзылады

Алматы фото на taspanews.kz от 07 апреля 2025 16:45
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Сайран көлі жағалауын жаңарту мен көрікті ету жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Сайран көлі территориясында 47, 6 гектар жерде жағажай аймағы мен жаяу жүргіншілер маршруттары бар заманауи жағалау аймағы жасалуда.


"Жағаны нығайту және инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары 80% аяқталған. Қазіргі уақытта тас төсеу, шағын сәулет пішіндерін орнату және аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде",  – делінген ресми хабарламада.

Әкім жаңа көшеттер отырғызуды тапсырды. Одан бөлек, жіберілген ақаулар үшін техникалық қадағалау жүргізген компаниямен шарт бұзу тапсырылды.


Мердігерлерге нысанды бітіру мерзімін қадағалау мен бақылау жөнінде нұсқау берілді. Жүргізілген жұмыстар барысында алғаш рет су қоймасының түбі тазартылды. 28 тонна тұрмыстық қоқыс шығарылды.


Следите за новостями Taspanews