Семейде баланы ұрып-соққан жасөспірімдер қоғамнан уақытша оқшаулануы мүмкін
Фото: Freepik
22 ақпан күні Семейде баланы ұрып-соғып, тепкілеген жасөспірімдерші уақытша оқшаулау туралы шешім ұсынылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия жасөспірімдерді психологтармен жұмыс істеу мақсатында девиантты мінез құлқы бар балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберуді ұсынды.
"Комиссия үш ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру және бір өкілге қатысты екі балаға қамқоршылықты тоқтату туралы ұсыныс жасады", – делінген ресми хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсыныстар бойынша шешім сотта қабылданады.