Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде ұстаз биіктіктен құлап кетті
Фото: Semeynews
Семейдегі қалалық шыршаны безендіру үшін ұстаздар тартылған, - деп хабарлайды Taspanews.kz Semeynews-ке cілтеме жасап.
Оқытушылардың бірі биіктен құлап, ауруханада жатқызылды.
Оқиғаға қатысты ҚР Білім министрі Ғани Бейсембаев өз пікірін білдірді. Министрдің айтуынша, мұғалімдерді көмекші қызметкер ретінде пайдалану «Педагог мәртебесі туралы» атты Қазақстан Республикасының заңына қайшы келеді. Заң мәтініне сәйкес, білім беру қызметкерлерін кәсіби қызметіне қатысы жоқ іс-шараларға тартуға тыйым салынады.
Министр сондай-ақ, облыс басшылығы тергеу нәтижесінен кейін алдағы уақытта мұндай жағдайлар қайталанбас үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты.