Семейде көліктің шасси нөмірін қолдан жасаған күдікті анықталды

Фото: Polisia.kz
Семей қаласы, Абай облысында көліктің кузовы мен шасси нөмірін өздігімен жасап, табыс тапқан адам бойынша қылмыс әшкереленді, – деп хабарлады Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Заңсыз әрекет қаладағы техникалық қызмет көрсету станциясында жүргізіліп келген. Алматы тұрғыны күдікті атанды. Тінту кезінде лезерлі принтер, ноутбук, үш телефон мен идентификациялық деректерін ауыстыруға дайындалған 9 көлік тәркіленді. Дәлелдер сараптамаға жіберілді.
«Көлік құралдарының кузовы, шассиі, қозғалтқышы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің қолдан жасалуы немесе жойылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»