Семейде көппәтерлі тұрғын үй өртенді

Фото: ҚР ТЖМ
Абай облыында құтқарушылар өртпен күресті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Өрт 120 шаршы метрге тарады. Жеке заттар мен шатыр жалынға ұшқан. Құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ үй-жайда өрт шыққанда келесі қадамдарды ұсынады:
Газ беру кранын жауып, электр қуатын өшіру;
Күшейе бастаған өрртті құм, су, төсек жапқыштары, өрт сөндіру құралдарымен жою;
Өрттің ауамен таралуын болдырмау үшін есіктерді жабу;
Үйден шығыңыз;
Түтін үйіңізге кіріп кеткен болса, еденге жақын жатыңыз, төменде әрдайым таза ауа болады;
Мұрын мен ауыз қуысын суланған орамалмен жабыңыз;
Үйге өрт сөндірушілердің рұқсатынсыз оралмаңыз.