Семейде полиция көлігі жүк көлікпен соқтығысты

Фото: Polisia.kz

Семей қаласында патрульдік полицияның қызметтік көлігі мен жүк көлігі жүргізушілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Оқиға Би-Боранбай көшесінде болған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтерге сай, патрульдік полиция отбасылық жанжал жөніндегі шұғыл хабар бойынша жолға шыққан.Жол апатына КамАЗ жүргізушісінің жанармай құю бекетінен шыққан кезде жолдағы жағдайды дұрыс бағаламауы себеп болған. Ол жол қауіпсіздігіне көз жеткізбей, салдарынан полиция көлігімен соқтығысты. Апаттан зардап шеккендер жоқ. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда.