Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды

Фото: Абай облысы әкімдігі

Семейде Шәкәрім Құдайбердінің 7,7 метрлік ескерткіші ашылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.


Шәкәрім бейнесі ерекше көрінеді – сол қолында тәсбих, оң қолында кітап. Композиция қоладан құйылып, тұғыры граниттен жасалған.


Ескерткіш Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойында орналасты.


Ескерткіштің ашылуына орай Қ. Ж. Тоқаев құттықтау хат жолдады.