Семейде телефон мен әйелдердің шалбарын ұрлау ісі бойынша сот өтті
Фото: ҚР ІІМ
Семейде телефон мен әйелдердің шалбарын ұрлау ісі бойынша сот өтті, - деп хабарлайды Taspanews ҚР Ішкі істер министрлігінің порталына сілтеме жасап.
Абай облысы аудандарының бірінің 37 жастағы тұрғыны компьютерлік клубтан құны 200 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Кейін ол сауда үйінен бес жұп әйелдер шалбарын ұрлап, 25 мың теңгеге жуық залал келтірген.
Сот оны кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Алайда, 2023 жылдың желтоқсан айында пробация қызметінің қадағалауынан хабарсыз кеткен, тіркеуге келмеген және тұрғылықты жері бойынша болмаған, сол арқылы сот міндеттерін бұзған.
Бесқарағай аудандық соты оған іздеу жариялап, көп ұзамай ер адам Семейде ұсталды. Ұсынылған материалдарға сәйкес, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.
Осы факті бойынша шоу сот отырысы өтті. Сот қаулысымен оның бас бостандығын шектеу өтелмеген 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырумен ауыстырылды