Семейдегі Арбатта автокөлік жаяу жүргіншілер жолымен жүріп өткен

Фото: Абай облысы ДП
Семейдегі Арбатта Toyota Corona автокөлігі жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүріп өткен, – деп хабарлайды Taspanews.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұзушылықты көрген қаланың қауіпсіздігін бақылайтын жедел басқару орталығының қызметкерлері жедел түрде Арбатқа жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлерін жіберді.
Заң бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай әрекет үшін Заң бойынша 15 АЕК айыппұл қарастырылған.