Семейдегі оқу орнында жарылғыш заттың бар екені туралы хабар түсті

Фото: Pexels
26 ақпан күні полиция қызметкерлері Семейдегі оқу орнында мина жарылғыш заты қойылғаны туралы хабар алған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Абай облысы ПД сілтеме жасап.
Бұл ақпараттан кейін жедел қызмет келіп, адамдарды сыртқа шығарып, аумақты оқшаулады. Тиісті тексеру барысында жарылғыш зат табылмаған.
Полиция Қылмыстық кодексте терроризм жайлы жалған ақпарат беру үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.