Семейлік "Энергетик" шағын ауданында ескірген су құбырларын ауыстыру жұмыстары басталды
Фото: Freepik
"Энергетик" шағын ауданында су құбырлары ескіріп, апатты жағдай туғызған, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24KZ сілтеме жасап.
Шағын аудандағы үйлер кезекте тұрғандарға, мүгедектігі барларға және қарт кісілерге берілді. Алайда, кей үйлердің құбырлары 1993 жылға дейін жүргізілгендіктен, апатты жағдайлар көп орын алып, судың келуі қиындайды. Су тоқтағанда, қазандық та жұмыс істемей қалатындықтан, тұрғындар суық қысты қалай өткізерін білмей келді. Коммуналды мекемелер мәселені күзде шешеміз деп айтқан.
“Семей Водоканал” МКМ бас инженері жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен іс алдыға жылжығанын айтады. Ең апатты жерге су құбыры жүргізілген. Бір аптадан кейін іске қосылады. Ал бүкіл ауданға өткізу үшін бюджеттен 33 млн теңге сұрау салынады.