ҰҚШҰ Астанадағы отырысында электронды соғыс мәселесін талқылады

 фото на taspanews.kz от 20 июня 2024 13:54
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Астанада ҰҚШҰ жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Кездесуде электронды соғыс мәселелері талқыланды.


ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде өткен жиында ҰҚШҰ аясында электронды соғысты ұйымдастыру және жүргізу аспектілері мұқият сараланды.


Кездесуге Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қорғаныс министрліктерінің электронды соғыс бөлімшелерінің басшылары қатысты.


Жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Фазилолла Бәденов құттықтады.


Жұмыс тобының қатысушылары заманауи ұрыс қимылдарында электронды соғыс бөлімшелерін қолданудың практикалық тәжірибесін және ҰҚШҰ елдері қарулы күштерінің үйлесімді техникалық құралдарын біріктіру мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, ҰҚШҰ «Өзара іс-қимыл-2023» оқу-жаттығулары аясында электронды соғыс бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының нәтижелері ұсынылды.


Тараптар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының электронды соғыс саласындағы нормативтік-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру қажеттігі туралы ортақ шешімге келді.


Следите за новостями Taspanews