Шахтинск қаласында әскери қызметші өзіне қол жұмсады

Фото: ҚР Ұлттық ұланы сайты

13 қазанда Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарушы белбеуіне асылып қалған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Ағымдағы жылдың 13 қазанында Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта келісімшарт бойынша жұмыс атқаратын әскери қызметшінің өз тұрғылықты жерінде денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжалдан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Орталық" қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – делінген Ұлттық Ұланның хабарламасында.