Шахтинск кенішіндегі тексеріс кезінде инспекция сегіз бұзушылықты анықтады
"Qarmet" акционерлік қоғамына тиесілі "Шахтинская" кенішінде кенеттен жүргізілген тексеру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сегіз бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.
"Шахтинская" шахтасы көмір өндірумен айналысады. Осы процестің нормаларға сәйкестігі мұқият қаралып, талдалған. Инспекция нәтижесінде кеніштің төрт объектісі зерттелді және мониторинг барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына қайшы келетін сегіз бұзушылық анықталды.
"Qarmet" компаниясына анықталған ақауларды қысқа мерзімде жою тапсырылды. Сонымен қатар, компанияға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар және профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акт жазылды. Компания басшылығымен әңгіме жүргізіліп, бұзушылықтарды жою мерзімдері мен тәсілдері талқыланды. Кәсіпорын өкілдеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары еске салынды. Тексеріс кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы, қысыммен жұмыс істейтін қауіпті өндіріс объектілерін, жүк көтергіш механизмдер мен техниканы пайдалану ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтілді.
Бұл ҚР-дағы осындай жалғыз жағдай емес. Сәуір айында "Майқайыналтын" кәсіпорнындағы тексеру 33 бұзушылықты анықтаған. Компания екі әкімшілік норманы бұзғандығы тіркелді, айыппұл салынып, барлық анықталған ережеге сәйкес емес фактілерді жою туралы ұйғарым шығарды.