Шекаралас елге мұнай тасудың фактісі тіркелді

Polisia.kz фото на taspanews.kz от 09 октября 2024 09:17
Фото: Polisia.kz

Көрші мемлекетке қазақстандық мұнайды жеткізбек болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz ке сілтеме жасап.


Елден шығарылуға 750 тоннадан астам мұнай өнімі дайындалған. Құны 120 млн теңгеден асатын 10-нан астам вагон-цистерна табылып, әрі қарай тергеу мақсатында тәркіленді.


"Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды" ,   – деп түсіндірді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Следите за новостями Taspanews