Шерзат Полат ісі бойынша күдіктінің туылған күніне жол бергендерге қатысты тексеру жүрді

П фото на taspanews.kz от 17 февраля 2025 19:45
Фото: Письма Президенту

16-ақпан күні Шерзат Полаттың қазасы бойынша күдіктілердің бірінің туылған күні тергеу изоляторында тойланғаны үшін лауазымды тұлғаларға бағытталған тексеру жүргізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Justice_for _Sherzat парақшасына сілтеме жасап.


Бұл жайт бойынша жәбірленушілердің қорғаушылары ІІМ сұрау жіберген. Ондағы сұрақтарға жауаптар алынды.


Туған күнді тойлауға жол бергендерді анықтау үшін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы уақытша тергеп-тексеру изоляторының жұмысшыларына қатысты қызметтік тексеру ұйымдастырылды. Қатыстылар анықталуда. Шерзат ісі бойынша күдіктілердің ұялы телефондары осы тексеру аясында тәркіленді. Ендігі кезекте, қорғаушылар дисциплинарлық кеңес нәтижесін күтуде.


Одан бөлек Бас прокуратура мен Алматы облысы прокуратурасына сұрау жіберілген. Онда тергеу изоляторы қызметкерлеріне пара беру фактісін анықтау сұралды


Следите за новостями Taspanews