Шерзат Полат ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

instagram.com/kris.p.karasai фото на taspanews.kz от 21 января 2025 21:53
Фото: instagram.com/kris.p.karasai

Шерзат Полаттың бөтеннің қолынан қаза болуы бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Сотқа дейінгі тергеу нәтижесі шыққаны туралы ақпарат қорғаушыларға 17 қаңтар күні келіп түскен. Ендігі кезекте тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысады.


Еске салсақ, Талғарлық жасөспірім Шерзат Полат көшедегі жанжалдың құрбаны болды. Қазанның 4-іне қараған бір топ жігіт Шерзат пен оның ағасына отбасының көзінше шабуыл жасаған.


Марқұм жасөспірімнің әкесі полицейлердің әрекеті бастапқыда жеткіліксіз болғанын айтып, халықтан көмек сұрады. Бұл кең резонанс тудырып, депутаттар мен құқық қорғаушылардың назарын аударды.


Кейінірек қайғылы жағдай ушыға түсті: 12 қазанда отбасының үйі өртеніп кетті. Жасөспірімнің әкесі қаскүнемдердің оның отбасын әбден  қорқытқанын айтты.


Қазіргі уақытта адам өлтірді деген күдікпен сегіз адам қамауға алынды, тағы үшеуі қылмыс туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылады.


Следите за новостями Taspanews