Шерзат Полат ісі бойынша тергеу аяқталуға шақ

Фото: Pexels

Алматы облысы прокуратурасы Шерзат Полаттың қаза болуы бойынша істі тергеп-тексеру жақын арада аяқталатынын жеткізді,– деп хабарлайды Taspanews.ks облыс прокуратурасына сілтеме жасап.


Сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын. Барлық күдіктілер анықталып, ұсталды. Сараптама нәтижелері шыққан соң, тараптар іс материалдарымен танысып шығады.


"Сонымен қатар, К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз", – Алматы облысы прокуратурасы.