Шерзат Полаттың әкесі сотта өзін-өзі ұстай алмай қалды

Фото: Жоғарғы Сот

Жұма күні Шерзат Болаттың қазасына қатысты іс қаралып жатқан сотта шиеленіс туындады. Судья Ержан Жанұзақов марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовқа соңғы ескерту сөз айтуға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Марқұм жасөспірімнің әкесі айыпталушылардың бірінің адвокатының сұрағына ашуға булықты. Адвокаттар Шерзаттың анасынан күйеуі Қаржаубай Нұрымовтың атышулы оқиға болып жатқанда не істеп жүргенін сұрай бастады. Бұл сұрақ жәбірленушіге ұнамағаны анық. Шерзаттың әкесі өзін ұстай алмай қалды.


Қаржаубай Нұрымовтың наразылығына жауап ретінде қорғаушылар судьяға сот отырысының өтуіне кедергі келіп жатқанын айтады. Судья Шерзаттың әкесіне ескерту жасады.


«Орныңыздан айқайлай берсеңіз, сот сізсіз өтеді !», – деп ескертті ол.

2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғарда қайғылы оқиға болды: 16 жастағы Шерзат Болат отбасының дүкені жанында қаза тапты. Жанжал алкогольді сатудан бас тартқанына наразы болған сатып алушы тарапынан туды. Ол достарына телефон соққан. 13 адамнан тұратын топ келіп, пышақ пен атыс қаруын қолданып, Шерзатқа, оның әкесі мен ағасына шабуыл жасады.


Көкірек тұсынан пышақ жарақатын алған Шерзат ауруханада көз жұмды. Бірінші сот отырысы Талдықорғанда 2025 жылдың 10 сәуірінде сағат 10.00-де басталды. Айыптаушылардың қатарында тоғыз адам бар.