Шерзат Полаттың өліміне қатысты жаңа мәліметтер депутат сауалына жауап ретінде келтірілді

Фото:Pexels

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша қылмыскерлерді тергеу 5 бап аясында жүзеге асуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ІІМ депутаттық сауалына сілтеме жасап.


Жауап хатта ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов іс бойынша Алматы облысы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлігі – адам өлтіру, 293 бабы 3 бөлігі – бұзақылық, 115 бабы – қорқыту, 432 бабы – қылмысты жасырып қалу, 434 бап – қылмыс туралы хабарламау бойынша іс тіркеліп, тергелуде екенін айтты.


Қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам, қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам қамауда. Тергеу жалғасуда. Іске өзгелердің қатыстығы анықталуда.


15 қазанда журналистерге арналған брифингіде ІІМ тергеудің кей тұстарын жария етті. Кездесу әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа қарсы тұруға бағытталды.