Шерзат Полаттың отбасына үй беріледі: Айтбек Амангелдінің қосқан үлесі мен отбасы мүшесі жинап бастаған қаражат

Ашық дереккөздер фото на taspanews.kz от 13 января 2025 12:26
Фото: Ашық дереккөздер

Шерзат Полат отбасына үй дайындау мен шығындарды өтеу Айтбек Амангелді көмегімен байланысқан меценаттар есебінен жүзеге асырылады, отбасы мүшесінің халықтан жинаған ақшасы бөлек мақсатта қолданылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz инстаграм парақшаға сілтеме жасап.


Айтбек Амангелді Шерзаттың отбасына көмек көрсету үшін адвокаттар мен меценаттарды іске қосқанын түсіндірді. Одан бөлек, Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай мен Айтбек Амангелдінің отбасы мүшесі Перизаттың ақшалай қор жинайтынына қатысы жоқ екені айтылды. Адвокаттар мен Айтбек Амангелді Қаржаубайдың ақшалай көмек сұрамағанын айтып, бұл іс басқа отбасы мүшелері жауапкершілігінде екенін жеткізді. 


Перизатқа қаражат жібермек болғандар, реквизиттердің дұрыс емес екенін жеткізіп, Айтбекке жазған. Қорғаушы өз кезегінде алаяқтарға жолығып қалмау үшін, реквизиттерді Перизаттың өзінен сұрап алуға кеңес берді


«Қаржаубайдың отбасы үшін үй меценаттың қаражатына сатып алынады, ал Перизаттың жинаған ақшасы бұл мақсатқа жұмсалмайды. Бұл жинақтың мақсаты бізге белгісіз. Біздің бұл жинаққа қатысымыз жоқ болғандықтан, оның реквизиттерін білмейміз. Реквезиттерді нақтылау үшін ақпартатты тікелей Перизатқа хабарласып алуға болады.», – делінген Айбек Амангелді инстаграм парақшасындағы ақпаратта.

Следите за новостями Taspanews