Шет ел азаматтарының ел ішінде заңды жұмыс істеу көрсеткіштері белгілі

Фото: ҚР ЕХӘҚМ

2024 жылғы 1 шілдедегі ақпаратқа сай, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен, заңды түрде Қазақстан аумағында 14 049 шетел азаматы еңбек етеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


Шетел жұмыс күшін тарту құрылыс саласында – 4 397 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 897 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 592, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 293 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 252 адам ең көп көрсеткішті құрайды.


Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдіктердің қызметін пайдаланатын 1 796 жұмыс беруші бар. Қызметкерлердің жалпы санының 96,8% - ы – Қазақстан азаматтары.


Шетел жұмыс күші көбінде Қытай, Өзбекстан, Түркия, Үндістаннан келеді.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан шетел азаматтарын жұмыс істеуге тарту бойынша 2024 жылға 22 мың бірлік мөлшерінде квота белгіленген. 


Бұл жыл сайын іске асатын жүйе.