Шетелдік интернет компаниялар Қазақстан бюджетін 75 млрд теңгемен толтырған

 Pexels фото на taspanews.kz от 11 февраля 2025 09:08
Фото: Pexels

Соңғы үш жылда шет елдік интернет компаниялар Қазақстанға 75 млрд теңге төледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.


Алынатын салық өткен жылдың өзінде 35 млрд теңгені құрады. «Google салығын» Huawei, Aliexspress, Google, Apple, Netflix және басқа да халықаралық құрылымдар төлеп келеді. Жалпы саны 101 шет елдік компания тіркелген.


Бұл 2022-жылдан бастап қолданысқа енген Қаржы министрлігі Салық кодексінің 25-тарауына сәйкес жүргізілуде.


«2024 жылдың соңында Temu, Pinduoduo және Alibaba компаниялар тобы шартты тіркеуден өтті. Естеріңізге сала кетейік, салықтың мұндай түрі ҚР жеке тұлғаларына электронды сауда арқылы тауарлар ұсынатын және электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қолданылады», – ҚР Қаржы министрлігі.

Следите за новостями Taspanews