Шетелдік университеттермен ынтымақтастық білімді ғылым бағытына бұрмақ
6 тамыз күні, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында шетелдік университеттердің қазақстандығы өкілеттігі туралы мәлімдеме жасады. Ынтымақтастықта 27 зерттеуші Жоғары оқу орны Қазақстанда өз филиалын ашпақ, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкімет отырысына сілтеме жасап.
Жоспарға сәйкес, 27 шетелдік зерттеу бағыты басым жоғары оқу орындары студенттерге ұсынылады. Бұл мүмкіндік аясында 1800 грант қарастырылған. Оның 1014-і игерілді, қалғанына конкурс жалғасады.
Астана қаласында Cardiff University, Coventry University британдық университеттер кампустары салынып, Түркістанда Woosong Корея ақпараттық технологиялар университетіне әкімдіктен ғимарат беріледі.
"Жергілікті жоғары оқу орындарымызды зерттеуші ғылымға негізделген форматқа ауыстыруға негізделген трансформация алдында тұрмыз. Осы жылдан бастап трансформация басталады. Бұл өте үлкен реформа",
Сонымен қатар, баяндамада шет елдерден келетін студенттер ағыны түсіндірілді. Бұл "Академиялық Хаб" стратегиясы аясанда жүзеге асқан. Мәліметке сәйкес, 30 мыңға жуық шетелдік студент Қазақстанды таңдаған. Олардың ішінде Өзбекстан, Ресей, Үндустан азаматтары.