ШҚО құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндірді

Фото: ШҚО ТЖД

Бүгін таңертең құтқарушылар бес қабатты үйдің пәтеріндегі өртті сөндірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.


Таңертең Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде жиһаздар мен жеке заттар өртенді.


Құтқарушылар жұмысының нақтылығы мен жеделдігі арқылы шұғыл шақыру келіп түскеннен кейін небәрі 37 минут ішінде өртті жеңді.


Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (ШҚО ТЖД) күшімен 6 бала мен 14 ересек тұрғын эвакуацияланды.