Шығыс Қазақстан ауылдық жері медицина қызметкерлерімен толықты
Фото из интернета
Тарбағатай аудандық ауруханасы 28 жаңа медицина қызметкерлерімен толықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Олардың қатарында жалпы практика дәрігері, тіс дәрігері, психиатр, онколог, жүрек дәрігері, хирург сияқы сирек кездесетін тапшы мамандықтар.
Шалғай аудандарда қызмет атқаратын дәрігерлерге көптеген әлеуметтік қолдау қарастырылған. Әлеуметтік жеңілдіктер, көтерме төлемдер мен тұрғын үй беріледі.
Мамандар жоғарғы білім алған соң жергілікті жерінде қызмет атқару үшін оралған.