Шығыс Қазақстан облысында 10 жасар бала өрттен құтқарылды

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 06 января 2025 16:02
Фото: ҚР ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Серебрянск қаласында үй маңындағы шаруашылық құрылыс жанған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Шаруашылық құрылыс үйге жақын орналасқандықтан, үй іші түтінге оранды.


Барлау жүргізу барысында үй ішінен 10 жасар бала сыртқа шығарылды. Бала зардап шекпеген, медициналық көмекті қажет етпеді.


Өрт 80 шаршы метр аумақта сөндірілді.


ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 06 января 2025 16:02
Фото: ҚР ТЖМ
Следите за новостями Taspanews