Шығыс Қазақстан облысында 200 келі балық тасымалдаған браконьер ұсталды
Фото: ШҚО ПД
Күршім-Үлкен Нарын жолы бойында заңсыз балық аулап, тасымалдаумен айналысқан адам ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Браконьер 78 келі нәлім, 85 келі көксерке және 102,6 келі шортанды қаптарға салып, тасымалдаған. Балықтардың жалпы массасы 200 келіні құрады. Бұл әрекет арқылы мемлекетке 2 миллион теңге шығын келтірілді.
Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.