Шығыс Қазақстан облысында аяғы ауыр есепші балабақшадан ақша ұрағаны үшін сотталды
Фото: Pexels
Шығыс Қазақстан облысында есепші әйел балабақшада 9 миллион теңге ұрлады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
33 жасар Риддер тұрғыны 1 жыл ішінде үнемделген бюджеттік 9 миллион теңгені бөліп, өз шотына жіберді.
Бастапқыда, оған ауыр аяғы болғандықтан, 5 жылға бостандықты шеттеу қарастырылды және жаза өтеу кейінге ауыстырылды. Алайда, жаза пробацияға тіркеуден дұрыс өтпеу, тұрғылықты мекен-жайды ескертусіз ауыстыру және шығынды өтеуге тырыспағаны үшін бас бостандығын шектеуден бас бостандығынан айыруға өзгертілді.
Айыпталушының 4 баласы бар екені белгілі. Есепші Абай облысындағы әйелдер колониясына жөнелтілді. Тігін цехына орналасып, шығынды өтеу бойынша жұмыс атқарады.