Шығыс Қазақстан облысында мерзімді әскери қызметкер қайтыс болды
Фото: PEXELS
7 қарашада Шығыс Қазақстан облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰҚК ШҚ сілтеме жасап.
ҰҚҚ Шекара қызметі Шығыс Қазақстандық департаменті мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің қайтыс болғанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметте оның өзіне қол жұмсағандығы келтірілді.
Қылмыстық кодекстің 105 бабы, 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды.