Шығыс Қазақстан облысында сотталған адамға тыйым салынған заттар жіберілген

U фото на taspanews.kz от 19 ноября 2024 17:22
Фото: Pexels

Өскеменде сотталған адамға жасырын түрде ұялы телефон мен алкоголь әкелінді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Жүк әкеген адам шәй сақталатын қораптардың біріне ұялы телефон жасырып, сотталушыға жеткізуге тырысты. Алайда, тексеру барысында әшкере болды. Одан бөлек газдалған сусын бөтелкесіне ішімдік салып өткізгені анықталды.


Ұқсас жағдай бойынша, максималды қауіпсіздік колониясындағы танысына мак пен тропикамид өткізбекші болған адам ұсталды. Оқиғалар бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews