Шығыс Қазақстан облысында жарылғыш зат туралы жалған хабар келіп түскен

depositphotos.com фото на taspanews.kz от 23 января 2025 09:45
Фото: depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысында 13 қаңтар таңында түнгі клубтағы мас адам онда жарылғыш зат бар екенін айтып, 102 нөмірі арқылы мәлімдеген, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Оқиға орнына полиция мен жедел-тергеу топтары жіберілді, алайда жарылғыш зат табылмады. 28 жасар жергілікті тұрғын қоңырау шалғанда мас болғанын айтты.


Терроризм жайлы жалған хабар берілгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Оқиғаның мән-жайы зерттелуде.


Следите за новостями Taspanews