Шымкент-Алматы рейсі ауа-райы қолайсыздығына байланысты әуеге шықпады

Depositphotos фото на taspanews.kz от 22 января 2025 12:57
Фото: Depositphotos

Air-Astana әуе компаниясы 2025 жылдың, 22-қаңтары, сағат 09:25-те жоспарланған KC972 рейсін ауа-райы қолайсыздығына байланысты бірнеше рет шегеріп, кейіннен орындамайтын болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Air Astana ұшағы өндірістік себептермен ұша алмағандықтан, жолаушылар FlyArystan ұшағына сағат 09:10-да отырғызылатын болды. Алайда, кейіннен Air Astana 09:10-да өзі шығатынын жеткізді. Кейіннен рейс 12:20-ға ауыстырылды, одан соң 16:20-ға шегерілді.


Қаладағы боран мен қалың қар жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген соң, бұл бағыт бойынша жоспарланған 22-қаңтар таңындағы рейс тоқтатылып, орындалмайтын болды.


Taspanews.kz фото на taspanews.kz от 22 января 2025 12:57
Фото: Taspanews.kz
Taspanews фото на taspanews.kz от 22 января 2025 12:57
Фото: Taspanews
Taspanews.kz фото на taspanews.kz от 22 января 2025 12:57
Фото: Taspanews.kz
Следите за новостями Taspanews