Шымкентте 52 мектеп аттестациядан өтпеген

Фото: Pexels
Шымкенттегі соңғы аттестациядан 70 мектептің 52-сі өтпеген, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24 kz сілтеме жасап.
Оқу орындары берген электронды құжаттар аясында бұзушылықтар байқалды. Оқу жоспары мен жұмыс жоспарының сәйкес келмеуі, мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарын уақытында өтпеуі, оқушыларды бақылау жұмыстарының тым жиі жүргізілуі мен үйде оқитын балалардың оқу сағаттары аттестацияның теріс нәтижесіне себеп болды.
Бұл мектертерге бұзушылықтарды ретке келтіруге уақыт берілді. Екінші рет аттестациядан өтпей қалған болса, оқу орындары электронды емес, мекемеге арнайы бару арқылы жүретін тексерістен өтетін болады.