Шымкентте адам саудасы фактісі тіркелді
Фото: Pexels
Шымкентте Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы есімі аталмайтын "Ш"- ны адам саудасына күдікті санап, ұстады. Прокуратураның қатысуымен өткен операция ауыр айып тағумен аяқталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Түркістан облысы прокуратурасының мәліметіне сілтеме жасап.
Тергеу органдары жинаған мәліметтерден күдікті ұзақ уақыт бойы мүмкіндігі шектеулі екі адамды ақша сұрауға мәжбүр еткені белгілі. "Ш" бұл адамдарды Шымкентің қақ ортасында 400 мың теңгеге сатпақ болған сәтте ұстады.
Одан бөлек, Түркістан облысы прокуратурасы тағы он азаматты күдіктілер қатарына қосты. Толық деректер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес уақытша жарияланбайды.