Шымкентте ауыл тұрғыны 1 тонна мал қалдықтарын далаға тастап кеткендігі анықталды

Фото: Polisia.kz

Шымкентте мал қалдықтарын тастаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Ауыл тұрғындарының ортақ чатында келеңсіз жағдай туралы хабар берілді. Құқық бұзушы жүк көлігінің бұзылуынан кейін осында шара қолдануға мәжбүр болғанын айтты.


Оған әкімшілік хаттама толтырылды. Сойылған мал қалдығын өзі жинады. Ол 1 тонна шамасында болды.