Шымкентте балалар еміне қаражат жинау бойынша алаяқтық тіркелді
Фото: Pexels
Шымкенттік алаяқ балаларды сылтау етіп, пайда таппақ болған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Инстаграм парақшаның екінші жалған нұсқасын – дубликатын жасап, ол балалардың еміне ақша жинаған. Нәтижесінде, 32 млн теңге тапқаны белгілі болды.
Еске салсақ, жақында Көкшетауда зейнеткерден 1 млн теңге қаражатты алдап иеленген азамат ұсталды.
Ал Астанада металл сөрелерді дайындаймын деп сан соқтырған адамға қылмыстық іс тіркелді.