Шымкентте демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады

Фото: Pexels
Шымкентте жұма мен демалыс күндері температура жоғары болғанмен, ауа райы әр күні түрлі көрсеткішке ие, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚазГидроМет» РМК сілтеме жасап.
11 сәуір
Бұл күні Шымкентте күндіз температура +28+30 градус шамасында болады, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Түнде температура +12+14 градус шамасында.
12 сәуір
12 сәуір күні Шымкентте ауа райы жазды еске түсірмек. Күндіз сынап бағанасы +30+32 градусты, түнде +12+14 градусты көрсетеді. Көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды.
13 сәуір
13 сәуір күндіз +30+32 градус температура орнағанмен, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде температура +16+18 градус болмақ. Түн жауын-шашынсыз өтеді, көшпелі бұлт жүреді.